2016 жылғы 9 ақпан, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы № 12-1/14 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес, бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 12-1/14 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9138 тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 101 (27722) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті (Ж.Е. Аманбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы А.Қ. Евниевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ.